Қанша уақыт мызғу керек?
5,533,756 views |
Сара К. Медник |
TED-Ed
• April 2021
Көзіңіз талып, біртіндеп жұмылып барады. Бірақ тоқтаңыз! Қазір небәрі түс мезгілі ғой, әлі аяқталмаған қаншама шаруаңыз бар. Мызғып алсаңыз, оның пайдасы бола ма? Әлде ол күніңіздің быт-шытын шығарып жіберуі мүмкін бе? Бұл бірнеше факторға байланысты, оның ішінде, мызғу кезінде қандай ұйқы фазаларын өткергеніңіз маңызды. Сара К. Медник мызғып алудың когнитивті пайдасын тәптіштеп тұрып түсіндіріп береді және мызғып алғанға ең қолайлы шақ пен ұйқының ұзақтығын да айтады. [Режиссері: Цянь Ши, сценарий авторы: Александра Панцер, әуені: Бамм Бамм Вольфганг және Гэвин Доддс].