Керіліп-созылу бұлшық етті қалай өзгертеді - Малачи МакХью
5,911,525 views |
Малачи МакХью |
TED-Ed
• March 2023
Спортшы ойынға дайындалып жатыр. Ол арнайы спорт киімін киіп, денесін қыздырып, кезекті бір жаттығу түрі — керіліп-созылуға кірісті. Әдетте спортшылар сіңірдің тартылуы не бұлшық еттің жыртылуының алдын алу үшін бұлшық етін созады. Бірақ керіліп-созылу осы жарақаттың алдын алуға көмектесе ме? Бұлшық етті созудың пайдасын қанша уақыт бойы сезе аламыз? Малачи МакХью дене икемділігінің маңызын зерттейді. [Режиссері София Пашаей, баяндаған Аддисон Андерсон, әуенмен әрлеген Салил Бхаяни, CAMP Studio].