Вирус жануардан адамға қалай жұғады?
1,750,506 views |
Бен Лоңдон |
TED-Ed
• August 2019
2017 жылы Мэриленд штатында өткен жәрмеңкеде фермерлер көзі ауырып, танауынан су аққан шошқалар туралы хабарлайды. Фермерлер шошқаға бола уайымдаса, Денсаулық сақтау министрлігі жәрмеңкеге келіп науқастанған топ адамның жағдайына алаңдады. Кейінірек жәрмеңкеге келген 40 шақты адамға шошқа тұмауы диагнозы қойылады. Бір түрдің қоздырғыштары екіншісіне қалай жұғуы мүмкін және ауру жұғуын соншалықты қауіпті ететін не? Осы сұраққа Бен Лоңдон жауап береді.
Сабақты дайындаған Бен Лоңдон, режиссері carbon Studios.
Сабақтың толық нұсқасын мына сілтеме арқылы көріңіз: https://ed.ted.com/lessons/how-do-viruses-jump-from-animals-to-humans-ben-longdon