Return to the talk Return to talk

Transcript

Select language

Translated by Sandibek Rysbay
Reviewed by Askhat Yerkimbay

0:11 Технология, өнер және ғылымды байланыстыратын не? Әуестік пен қызығушылық, өйткені бұл бізді зерттеуге жетелейді, өйткені бізді көзге көрінбейтін нәрселер қоршап жатыр. Фильм түсіруді жақсы көремін, уақыт пен кеңістік порталынан өтіп, саяхат жасау үшін, көрінбейтінді көрсету үшін. Бұл фильмдер мүмкіндігімізді арттырып, түйсігімізді түрлендіреді, ой-өрісімізді кеңейтіп, жүрегімізге жетеді. Мінеки, "Көрінбейтін әлемнің құпиялары" деп аталатын менің 3D IMAX фильмімнен алынған кейбір көріністер,

0:50 (Музыка)

0:53 Байқауға шамамыз жете бермейтін өте баяу қимыл-қозғалыстар бар, жылдамдатылған кадрлық уақыт өмір туралы көзқарасымызды айқындап, кеңейтуге мүмкіндік береді. Біз организмдердің қалай пайда болып, дамитынын, жүзім сабағының күн шуағына жету үшін орман ағашына өрмелеу арқылы өмірге талпынысын көре аламыз. Үлкен масштабта жылдамдатылған кадрлық уақыт қозғалыстағы планетамызды көруге мүмкіндік береді. Табиғаттың ұланғайыр аумағын көріп қана қоймай, адамзаттың дамылсыз қозғалыстарын да тамашалай аламыз. Әрбір ұшып бара жатқан нүкте жолаушылар ұшағын білдіреді. Егер әуе тасымалы деректерін алып, кадрды жылдамдатсақ, төбемізде тұрақты бірнәрсе бар екеніне көз жеткіземіз, бірақ көрінбейді: АҚШ төбесіндегі шексіз әуежолдар желісі. Осыны теңіздегі кемелерге де жасай аламыз. Біз қозғалыстағы ғаламдық экономика көрінісін уақытты жылдамдату арқылы бейнелей аламыз. Он жылда жиналған деректер бізге бүкіл планетамызды бір организм ретінде келесі көріністерді көрсетеді: барлық мұхиттарды шарлап өтетін ағыстар мен атмосфераны айналып жатқан бұлттар арқылы үздіксіз жалғасып жатқан, жарқылдаған найзағайлар мен солтүстік шұғыладан тәж кигендей. Бұл жердің жылдамдатылған түпкі көрінісі: Жердің жанданған анатомиясы.

2:30 Сонымен қатар көзіміз байқап үлгермейтін өте жылдам нәрселер бар, бұндай әлемді де көруге мүмкіндік беретін технологиямыз бар. Жоғары жылдамдықты камерамен кадрлар жылдамдығын баяулата аламыз . Бейнелерді көзімізден мың есе жоғары жылдамдықпен түсіре аламыз. Табиғаттың данышпан механизмдерінің қалай жұмыс істейтінін көре аламыз, бәлкім тіпті олардың көшірмесін де жасай алармыз. Жаныңыздан инелік ұшып бара жатқан кезде оның табиғаттағы ең асқан шебер ұшқыш екенін білмейтін шығарсыз. Ол бір орында қалықтап, артқа қарап, тіпті төңкеріліп те ұша алады. Қанаттарының салған ізіне қарап, жасалған ауа қозғалысын көре аламыз. Ешкім бұл құпияны білген жоқ. Бірақ жоғары жылдамдық инеліктің бір уақытта барлық қанаттарын әр түрлі бағытта қозғалтатынын көрсетеді. Бұл білім бізді маңызды, әрі алыс жерлерді зерттеу мүмкіндігімізді арттыратын жаңа ұшқыш роботтар түріне алып келеді.

3:43 Біз - алыппыз және көзімізге көрінбейтін кіп-кішкентай нәрселердің барын білмейміз. Электронды микроскоп заттарды миллион есе үлкейте отырып, суретке түсіретін электрондарды атқылайды. Мынау — көбелектің жұмыртқасы. Денемізде өмір сүретін көзге көрінбейтін жаратылыстар. Соның ішіне кенелер кіреді. Бүкіл өмірін кірпігіңізде өткізіп, түнде теріңізде өрмелеп жүреді. Мынаның не екенін аңғара аласыз ба? Акула терісі. Жұлдызқұрт тұмсығы. Шыбын көзі. Жұмыртқа қабығы. Бүрге. Ұлу тілі. Біз жануарлар әлемінің басым бөлігін білеміз деп ойлаймыз. бірақ ашылуын күтіп тұрған миллиондаған кіп-кішкентай организмдер болуы мүмкін.

4:54 Өрмекшінің де ұлы құпиялары бар. Өйткені оның өрмегі болаттан да мықты, оның үстіне бүтіндей созылғыш келеді. Бұл саяхат бізді нано әлеміне алып келеді. Өрмекшінің өрмегі адам шашынан жүз есе жұқа. Өрмектің үстінде бактерия бар, ал оның жанында одан 10 есе кіші вирус бар. Вирустың іщінде одан 10 есе кіші ДНҚ-ның үш жолағы бар. Ең қуатты микроскоптарымыздың көре алатын мүмкіндігінің шегіне жақындай, жалғыз көміртек атомын көреміз.

5:36 Қуатты микроскоптың көмегімен атомдарды жылжытып, таңғажайып нано құрылғыларын жасауды бастай аламыз. Олардың кейбірі денемізді барлық дерттің түрлерінен күзетіп, бітелген артерияларды тазалай алады. Бәлкім болашақтың кішкентай химиялық машиналары бір күні ДНҚ-ны жөндей алатын шығар. Біз өмірдің жұмбақтарын ашу талпынысымыздан туған ерекше жетістіктердің босағасында тұрмыз.

6:11 Сансыз ғарыштық шаң-тозаңдар ағыны әсерінен ауа кеңістігі тозаңдарға, микробриллианттарға, өзге планетадан келген және супернова жұлдыздарының жарылыстарынан туған асылтастарға толуда. Адамдар көрінбейтін жаратылыстардың арасында өмір сүріп жатыр. Айналамызды көзіміз көре алатын көп нәрсенің барын біле отырып, олар әлемді түсіну көзқарасымызды мәңгіге өзгертеді. Көзге көрінбейтін дүниеге қарай отырып, тірі ғаламда бар екенімізді мойындаймыз, бұндай жаңа көзғарас бізді әуестендіріп, өз ауламызда зерттеуші болуға шабыттандырады.

6:49 Кім біледі, көрінуге талпынып тұрған нелер бар, әрі өмірімізді түрлендірер қандай жаңа кереметтер бар?

6:55 Тірі болсақ, көре жатармыз. (Қол шапалақ) Рахмет. (Қол шапалақ)