Follow TED
Be the first to know about new TEDTalks, TED news and other announcements.
Click on any phrase to play the video from that point.
Бірер апта бұрын менің Сауд Арабиясына барып қайтуға мүмкіндігім болды. Мен мұсылман болғандықтан, ең бірінші Меккеге барып, Қағбаны көргім келді. ол - барша мұсылман қауымының қасиетті орны. Мен солай жасадым. Қажылық салтына сәйкес киініп, қасиетті мешітке бардым; намазымды оқыдым; барлық міндеттерді орындадым. Сол уақыт ішінде барлық рухани істерден басқа, адамзатқа тән бір жағдайға назар аудардым. Қағбада адамдар жынысына байланысты бөлінген жоқ. Басқаша айтқанда, әйелдер мен ерлер бірге зиярат етті. Тауап еткенде бірге жүрді, яғни Қағбаны бірге айналды. Бірге намаз оқыды.
Егер сіз неге мен бұл жағдайға қызығушылық таныттым десеңіз, сізге Сауд Арабиясының басқа жерлерін көру керек, себебі бұл ел адамдарды жыныстарына қарай қатты бөледі. Басқаша айтқанда, еркек болсаңыз, әйелдер тұрған физикалық ортада тұра алмайсыз. Мен бұны өте қызық жолмен байқадым. Қағбадан шығып, тамақ жеу үшін қаланың орталығына бардым. Ең жақын Бургер Кинг ресторанына бет алдым. Сол жерге барғанда мен ерлерге арналған секцияның әйелдер секциясынан жете бөлініп тұрғанын байқадым. Мен ерлер секциясында тапсырыс беріп, ақысын төлеп, жеуге міндетті едім. "Қандай қызық",-деп, таңдандым. "Қасиетті Қағбада қарсы жынысты адамдармен тұра аласың, бірақ Бургер Кингта тұра алмайсың".
Тіпті жөнсіз. Менің ойымша, айтудың өзі оғаш. Себебі Қағба және оның айналасындағы рәсімдер Исламның ертеден келе жатқан жәдігерлері, Мұхаммед Пайғамбардың (с.а.с.) кезінен. Егер сол кезде ерлерді әйелдерден бөлуге себеп болған болса, Қағбаны айналу рәсімдері соған сәйкес жасалатын еді. Бірақ сол кезде адамдарды бөлу маңызды емес болды. Және қажылық салттары соған сәйкес жасалды. Менің ойымша, әйелдерді шеттету қоғамды бөлу үшін жасалғаны анық, Құранда қоғамды бөлу туралы айтылмағаны хақ, Құран - Ислам дінінің негізі, Алла Тағаладан келген кітап, барша мұсылман, мені қосқанда оған сенеді. Және менің ойымша ол кездейсоқтық емес, Ислам дінінің негізінде қоғамды бөлу жайында ешнәрсе таппауыңыз жайдан жай емес. Себебі көптеген ғалымдар Ислам тарихын зерттеген Мұсылман немесе Батыс ғалымдарының пікірінше, негізінен әйелдер мен ерлерді физикалық бөлу Исламда кейін дамыған. Мұсылмандар Таяу Шығыстың кейбір көне мәдениетін және әдет ғұрпын дінге енгізген. Іс жүзінде, әйелдерді шеттету Византиялық және парсылық тәжірибе болды, және мұсылмандар оны қабылдап, дінінің бір бөлшегі етіп алды.
Бұл мысал шындығында көптеген көріністердің біреуі ғана. Бүгінгі таңда Ислам заңдары, шындығында Ислам мәдениеттері және ондай мәдениеттер өте көп; Сауд Арабиясында олар мен келген Стамбұлдан немесе Түркиядан өзгеше. Әйтсе де Ислам мәдениеті жайында айтатын болсаңыз, оның негізі бар, құдайдан хабарлама, яғни діннің басы, бірақ кейін дінге көптеген салт-дәстүрлер, көзқарастар, тәжірибелер қосылған. Бұл дәстүрлер Таяу Шығыс - ортағасыр дәстүрлері.
Және осы ақиқаттан екі маңызды хабарлама, немесе сабақ алуға болады. Біріншіден, діншіл, кертартпа, діндар мұсылмандар, дініне адал жандар өздерінің мәдениетіндегі кез-келген нәрсеге жармаспауы қажет, ойлануы қажет. Дәстүрлерінің бірі дінге қайшы болуы мүмкін және өзгертілулері керек шығар. Екінші жағынан, батыстықтар Ислам мәдениетіне қарап, кейбір шындыққа жанаспайтын Исламның қырларын көріп, Ислам деген осы екен - деген қорытынды жасамауы керек. Ол Таяу Шығыс мәдениеті болуы мүмкін, кейін Исламмен астасқан.
Әйелді сүннеттеу деген рәсім бар. Ол өте желкенішті, қорқынышты рәсім. Бұл операция негізінен әйелдерді сексуалдық рақатынан айыратын операция. Батыстықтар, Еуропалықтар немесе Американдықтар, бұл рәсімді бұрын-соңды көрмеген адамдар, кейбір Солтүстік Африкадан көшкен мұсылман қауымынан көргенде, "Осындай нәрселерді бұйырған, Бұл қандай қорқынышты дін",-деген қорытынды жасайды. Бірақ негізінде бұл әйелдерді сүннеттеу рәсімі Исламмен қатысы жоқ. Бұл Солтүстік Африка әдет-ғұрпы, Исламның соңына ерген. Осыдан мың жылдар бұрын жасалған. Кейбір мұсылмандар осы күні де сол рәсімді жасап келеді. Солтүстік Африка мұсылмандары, басқа жерде жасалмайды. Сонымен қатар, Солтүстік Африканың мұсылман емес қауымдары да -- анимисттер, тіпті кейбір христиандар мен яһуди тайпалары әйелдерін сүннеттеу рәсімімен танымал. Айналып келгенде, кейбір Ислам дініне қайшы рәсімдер мәселе болып көрінудің орнына дінмен астасып, салтқа әдетке айналған.
Дәл осындай жат салтқа абыройынан айырылған қызды (зина жасаған әйелді) өлтіру рәсімі жатады. Батыстық бұқаралық ақпарттың ағымдағы тақырыбына айналған бұл рәсім жан түршігерлік. Және біз осы дәстүрдің кейбір мұсылман қауымдарында сақталғанын көріп отырмыз. Бірақ Таяу Шығыстың мұсылман емес қауымдары арасында мысалға, христиан және Шығыс қауымдарында да дәл сол рәсім бар екен. Біз бірнеше ай бұрын Түркиядағы Армяндар қауымында болған - арынан айырылған қызды өлтіру амалының куәсі болдық.
Бұл айтылған рәсімдер жалпы мәдениет дәстүрі бойынша жасалып отыр. Сонымен қатар, мен саяси мәдениетке де көңіл бөлемін, саяси мәдениетте бостандық пен демократияға жеткілікті дәрежеде көңіл бөле ме? немесе мемлекетте азаматтарын бір істі мәжбүрлеп істете алатын әмірлі саяси мәдениет бар ма? Таяу Шығыс мемлекеттері көптеген ислам іс-әрекеттерінің жақтасы екені анық, және кейбір "Ислам режимі" деп аталатын елдер мысалға: Сауд Арабиясы, Иран, ең құрығанда Афғандағы Талибан осы жаза мен рәсімдерді қолдайды.
Мысалға, Сауд Арабиясында діни полиция деп аталатын сақшылар бар. Бұл діни сақшылары қиялдағы ислам тұрмыс - салтын әр азаматқа күшпен орындатады. мысалға, әйелдердің басына орамалды күшпен таққызады, Ислам шариғатына сәйкес хиджаб кигізеді. Билік бұл істі қуана қолдайды және мен оған қарсымын. Кейін мен бұл іс-әрекеттерді сол географиялық ортада басқа мұсылман емес, немесе Исламмен қатысы жоқ қауымдардың қайталап жатқанын көргенде, мәселенің тек Ислам дінінде емес, бүкіл аймақтың саяси мәдениетінде жатқанын түсіндім. Сізге мысал келтірейін: Менің отаным Түркия ақсүйектер мемлекеті, күні кешеге дейін бізге атеисттік деп аталатын полиция қажет болды. Олар университеттерді жабық киінген студенттерден қорғаушы еді. Басқаша айтқанда, олар студенттердің бастарынан орамалды күшпен шешетін еді. Менің ойымша, әйелдердің басынан орамалды зорлап шешу оны зорлап кигізумен бірдей зомбылық. Кию-кимеу әр азаматтың таңдауы.
Мен осы көріністерден кейін "Мүмкін мәселе авторитарлық мәдениетте жатқан болар және кейбір мұсылман соның ықпалына түскен болар" деген қорытындыға келдім. Олай болса зайырлы көзқарастағы адамдар да соның ықпалына түсуі мүмкін. Егер бұл саяси мәдениеттің мәселесі болса, біз осы саяси мәдениетті қалай өзгертуге болатыны жайлы ойлануымыз керек. Міне осы сұрақтар бірнеше жыл бұрын мен кітап жазғанға дейін мені мазалады. Мен: "Ислам бүгінгі деңгейге қалай жеткенін зерттеп, және қандай жолдармен келгенін, қандай жолдар таңдалуы мүмкін болғанын анықтап білемін", - деп шештім. Кітаптың аты "Экстримсіз Ислам: Мұсылманның азаттық үшін құқығы". Кітаптың аты айтып тұрғандай, мен ислам дәстүрлеріне және Ислам көзқарас тарихына жеке азат тұлғаның көзқарасымен қарадым, және жеке тұлғаның азаттығы үшін қажетті қуатты нүктелерді табуға тырыстым.
Ислам дәстүрлерінің жақсы жақтары бар. Ислам негізінен монотеистік дін болғандықтан, адамды жауапкершілікке міндеттеген, Таяу Шығыста жеке адам идеясын қалыптастырып, коммунитарианизмнен, яғни тайпаларды біріктіруден құтқарған. Осы жерден көпті түсінуге болады. Осыған қарамастан мен Ислам дәстүрлерінің ішіндегі проблемаларды көрдім. Қызық жері: осы проблемалардың көбісі кейінірек пайда болған, Алла Тағала тарапынан келген жоқ, яғни Құраннан алынбаған. Әр халықтың өз дәстүрі мен өмірге деген көзқарасынан немесе орта ғасырдағы мұсылмандардың Құраннан қате мағына шығаруынан туындаған. Мысалы Құран таспен ұруды бұйырмайды. Оның ішінде адасқандарды олай жазалауға болатыны айтылмаған. Адамдардың жеке өміріне қатысты, мысалға маскүнемдерді жазалау туралы айтылмаған. Міне, осы жазалар Ислам заңдарын шындықтан алшақтатып, адамдар Құранды өз түсінігі бойынша тәпсірлеуінен туындаған. Бүгін әр мұсылман осы проблемаларға қарап, "Діннің негізі - мынау, және біз соған сәйкес өмір сүруіміз керек, бұл біздің наным және біз оған адал боламыз" дей алады. Біз бұл қате түсініктерді өзгерте аламыз. Себебі Құраннан қате мағына шығару орта ғасыр уақытында және ортасында болған. Кәзір біз басқа заманда, басқа құндылықтар мен басқа саяси жүйелер заманында өмір сүріп жатырмыз. Бұрынғы қате түсініктерді түзетуге мүмкіндігіміз бар.
Егер оны тек мен қаласам, онда біз бәлеге ұшырағанымыз. Бірақ басты мәселе бұл емес. Іс жүзінде 19 ғасырдан бері Ислам түсінігінде бір қатар ревизионисттік немесе реформисттік (қалай атасаңыз да өз еркіңіз), дәстүр тенденция алып жатыр. 19 ғасырда ислам зиялылары немесе мемлекет қайраткерлері болған, кейінірек 20 ғасырда олар Еуропаға қарап, Еуропаның таңданып қарайтын жетістіктері көп екенін түсінді, мысалы: ғылым мен технология. Тек бұл жетістіктер емес, сонымен қатар, демократия, парламент, және өмірге деген көзқарас, азаматтардың теңдігі идеясы. 19 ғасырдың бұл мұсылман ойшылдары мен қайраткерлері бұл жетістіктерді көріп, өздеріне: "Неге біз бұл табыстарға жетпедік?" деген сұрақ қойды. Олар Ислам дәстүрлеріне көз жүгіртіп, Исламға жатпайтын салттардың мәселе туғызып отырғанын және оларды қайта зерттеп, орта ғасыр түсініктерінен айырып, Құранды қайта оқытудың маңызын түсінді.
Бұл беталыс негізінен Ислам модернизациясы деп аталды, және мемлекет қайраткерлері мен зиялылары Исламды жаңалауды тек интеллектуалдық идеямен емес, сонымен қатар саяси бағдарламалармен дамытты. Осы себептен 19 ғасырда Таяу Шығысты толығымен басып алған, Осман Империясы өте маңызды реформалар жасады. Реформалардың арқасында христиандар мен яһудилер мұсылмандармен тең құқылы болды. Конституция мен өкілді парламентте дінді таңдау бостандығына қатысты реформалар жасалды. Дәл осы себептен Осман Империясы өзінің соңғы он жылдықтарында прото-демократиялық, конституциялық монархияға айналды. Бостандық өте маңызды саяси құндылыққа айналды.
Осы кезде Араб әлеміндегідей, ұлы араб тарихшысы Алберт Хурани атаған Либералдық кезең орын алды. Хуранидің "Либералдық кезеңдегі араб көзқарасы" атты кітабы бар. Ол либералдық кезеңді 19 ғ. - 20 ғ. басы деп белгіледі. 20 ғасырдың басында ислам ойшылдары, мемлекет қайраткерлері және діндарлар арасында бұл беталыс үстемділік танытты. Бірақ 20 ғасырдың қалған уақытында өте қызық көрініс болды, оған себеп, Исламды модернизациялау қарқынының түсіп кетуі. Оның орнына біз Исламизмнің идеология ретінді әмірлі идеология ретінде өскенін көріп отырмыз, бұл идеология өте ұшқыр, батысқа қарсы, қияли көзқарасқа негізделген қоғамды орнатқысы келеді.
Сонымен, Исламизм 20 ғасырда Ислам әлемінде көптеген мәселелерді туғызды. Исламизмнің экстримді түрлері Исламның атын жамылып, терроризмді дүниеге әкелді, Терроризм негізінен дінді бұрмалағаннан шықты, ал Ислам дінге өзгертулер енгізуге қарсы, бірақ кейбір экстримисттер олай ойламайды әлбетте. Осы жерден қызық сұрақ туады: Егер 19 ғ. - 20 ғ. басында Ислам модернизациясы қарқынды дамыса, неге 20 ғасырдың қалған уақытында Исламизм үстем болды? Менің ойымша, бұл сұрақты жете талқылау қажет. Менің кітабымда осы сұрақтарға толық жауаптар бар. Және сол жауаптарға қол жеткізу үшін сіздің аса дарынды ғалым болуыңыз шарт емес. 20 ғасырдың саяси тарихына көз жүгіртсеңіз болғаны, нәтижесінде сіз көп өзгеріс болғанын байқайсыз. Өмірдің
19 ғасырда мұсылмандар Еуропаға қарап еліктегенде, еуропалықтар азат болған және өз күштеріне көбірек сенетін еді. 20 ғ. басында Осман Империясының құлдырау нәтижесінде бүкіл Таяу Шығыс отарланды. Отарлау кезінде не пайда болушы еді? Отарлауға қарсы күш. Енді кәзір мұсылмандар Еуропаға еліктемейді, себебі кәзір ол соғысатын, қарсыласатын жау. Мұсылман әлемінде либералдық идея қарқыны төмендеп, мықты, жауап қайтара алатын күш пайда болды. ол араб социализміне, араб ұлтшылдығына, ақырында Исламисттік идеологияға әкелді. Отарлау кезеңі аяқталған кезде, оның орнына ақсүйек диктаторлар келіп, өздерінің мемлекет болғандығын, бірақ мемлекет тәуелсіз болмайтындығын, және сол мемлекетті билейтін өкімет орнатқандығын жариялады. Менің ойымша кейбір Батыс билеушілері, негізінен АҚШ осы зайырлы диктаторларды өздерінің пайдасы үшін қолдағанда қателік жасады. Нәтижесінде бұл диктаторлар елдерінде демократия мен ислам топтарын басып, жалған исламисттердің күшеюіне себепші болды.
Сөйтіп біз 20 ғасырда Араб әлемінде шырғалаң шеңберді көреміз, ол жерде диктаторлық өкімет өз халқын, діндарларды қоса езіп отырды, ал халық қолдарынан келгенше жауап қайтарып отырды. Осы шырғалаң шеңберден құтыла алған бір ел ғана. Ол ел менің елім -Түркия. Түркия ешкімнің отарында болмаған, Осман Империясының құлдырауынан кейін тәуелсіз ұлт болып сақталды. Осыны ескеру қажет. Түркиямен көршілес елдерде отарлауға қарсы болған жалған іс-әрекеттер Түркияда болған жоқ. Екіншіден, ең маңыздысы Түркия біз айтқан елдердің ішінде демократияға қол жеткізген бірінші ел. 1950 жылы Түркияда ең бірінші ашық, әділ сайлау өтті, сайлаудан кейін озбыр зайырлы режим тоқтатылды. Түркия ел ретінде алғашқы қадамын жасады. Және Түркияның діншіл адамдары сайлау арқылы саяси жүйені өзгерте алатынын түсінді. Олар тәуелсіздіктің Исламмен олардың құндылықтарымен бірге жүретінін түсінді, олар демократияны қолдады. Бұл жетістіктерге күні бүгінге дейін Таяу Шығыс мұсылман ұлттарының ішінде жетпегендері әлі бар.
Екіншіден, соңғы 20 жылда жаһандану нәтижесінде, нарықтық экономика арқасында, табысы орташа топтағы адамдардың жағдайы жақсаруы арқасында біз Түркияда Ислам модернизациясының қайта жанданғанын көрдік. Табысы орташа топтағы қаланың иманды мұсылмандары әдет - ғұрыптарының ішінде, дінге қайшы келетін әдет-ғұрыптардың бар екенін көріп отыр. Олардан күмәнданып, өзгертіп, қайта жасау керектігін түсінеді. Еуропаға қарап, оның еліктеуге тұрарлық үлгі екенін тағы біледі. Кемінде шабыт алуға болатын үлгі екенін түсінеді. Сол себептен Түркия Еуропа Одағына мүше болуға талпынып жүр, Түркиядағы ислам діндарлары бұл шешімді қолдайды, басқа зайырлы мемлекеттер болса қарсы болды. Бұл процесті кейбір Еуропалықтар қолдамады, бірақ бұл басқа әңгіме. Бірақ өткен он жылдықта Түркияның Еуропа Одағына мүше болуын қалауы діни себепке негізделді, және қолдаушылар Ислам және ақсүйек либералдары болды.
Соның арқасында Түркия парасатпен табысқа жетті, Ислам және ислам көзқарастары демократияның бір бөлшегіне айналды. ол өз кезегінде елдің демократиялық және экономикалық дамуына септігін тигізді. Түркияның осы жетістіктері кейбір Ислам елдеріне немесе Арабия құрамындағы кейбір елдерге жігерлендіретін үлгі болып отыр.
Сіздер бәріңіз Тунис пен Египетте басталған арабтардың көтерілісін көрген боларсыздар. Араб бұқарасы диктаторларына қарсы көтерілді. Олар демократияны талап етті; олар еркіндікті қалады. Олар диктаторлардың өздерінің режимін іске асыру үшін қолданатын қуыршағы болғысы келмеді. Олар: "Біз бостандықты қалаймыз, біз тәуелсіздікті қалаймыз. Біз мұсылманбыз, бірақ біз азат адамдар сияқты тәуелсіз қоғамда өмір сүргіміз келеді",-деді Әрине бұл ұзақ жол. Демократияға бір күнде жету мүмкін емес, бұл ұзақ процесс. Бірақ бұл дәуір мұсылмандар үшін үлкен үміт күттіретін дәуір.
Мен 19 ғасырда басталған, бірақ 20 ғасырда саяси жағдайға байланысты сәтсіздікке ұшыраған, Ислам модернизмі жаңадан туатынына сенемін. Осы айтылғандарды қорытындыласақ, кейбір батыс күмәнданушылардың пікіріне қарамастан, Ислам демократияға, либерализмге, азаттыққа жетелейтін бірден бір жол екені хақ. Тек оған кедергі болмау керек.
Got an idea, question, or debate inspired by this talk? Start a TED Conversation, or join one of these:
TEDxWarwick - та тілші Мұстафа Акиол кейбір жергілікті мәдени тәжірибелердің Ислам дініне енгізіліп, дінмен өзара астасуы жайында әңгіме айтады. Әлемнің Ислам діні жайлы жалпы түсінігінде салт-дәстүрге басым көңіл бөліп, бұрмаланбаған діннің негізіне жеткіліксіз көңіл бөле ме?
Mustafa Akyol is the deputy editor of the Turkish Daily News. Full bio »
Translated into Kazakh by Zhanna Beibit
Reviewed by Salamatova Aizhan
Comments? Please email the translators above.
I think forcing people to uncover their head is as tyrannical as forcing them to cover it.” (Mustafa Akyol)
18:22 Posted: Jul 2010
Views 353,588 | Comments 783
08:59 Posted: Aug 2010
Views 271,926 | Comments 90
Just follow the guidelines outlined under our Creative Commons license.
This comment will be attributed to . Not ? Sign out.