Return to the talk Return to talk

Transcript

Select language

Translated by Zhanna Beibit
Reviewed by Salamatova Aizhan

0:11 Жыл сайын АҚШ-тың өзінде 2 077 000 жұп заң жүзінде және рухани тұрғыдан қалған өмірлерін бірге өткізетіні туралы шешім қабылдайды... (Күлкі) басқа ешкіммен ешқашан жыныстық қатынасқа түспейтіні туралы ант береді. Жігіт сақина, қыз көйлек сатып алады. Олар түрлі заттар қарап дүкен аралайды. Қыз жігітті Артур Мюррейдің бал биі сабағына жетектеп апарады. Маңызды күн туады. Олар Құдайдың және жанұясының алдында, сонымен қатар әкесі бір рет ортақ кәсіппен айналысқан жігіттердің алдында некелерінің бұзылуына еш нәрсе себепші бола алмайтынына ант береді. жоқшылық та, дауасы жоқ сырқат та, қандай болмасын қайғы мен қасірет те, шексіз махаббат пен адалдығына дақ түсірмейтініне ант береді.

1:07 (күлкі)

1:09 Оптимисттік жастар бір-бірін сыйлап, мәпелеп етуге ант береді. ұрыстарға, орта жастағы кризистерге қарамастан, салмақтың 20 кг-ға көбеюіне қарамастан, олардың біреуі ақыры тыныштықта ұйықтай алатын күн келгенге дейін, яғни о дүниеге аттанғанға дейін бірге болуға ант береді. Үйленгеннен кейін олар бір-бірінің қорылынан ұйықтай алмайтын болады. Тойларында олар мас болғанша ішеді, бір-бірінің бетіне торт жағып, "Макарена" билейді. бізде сол жерде боламыз, орамалдар мен тостер сыйлап жатамыз. тегін ішімдік ішіп, әр қолайлы сәтті пайдаланып, дәндерді үстеріне шашып жатамыз, статистикалық тұрғыдан 10 жыл ішінде үйленгендердің жартысы ажырасатынын біле тұра.

1:54 (күлкі)

1:57 Әрине қалған жартысы ажыраспайды. Олар жылдық мейрамдарды ұмытып, демалысты қайда өткізетіні жайлы дауласып, Дәретхана қағазы қалай ілініп тұруы керектігі жайлы айтысып жатады. Олардың кейбіреулері бір-бірінің жанында болудан ешқашан шаршамайды. қатты тамақты жей алмайтын жасқа жеткен кезде де.

2:20 Зерттеушілер неге екенін білгісі келеді. Менің ойымша, қосарланған соқыр бақыланатын плацебо зерттеулер қажет емес. некенің сақталмауына себеп болған не? Бір-бірін сыйламау, ерігу, Фейсбукта көп уақыт өткізу, басқа адамдармен жыныстық қатынасқа түсу. Бірақ қарама-қайшы сезімдер сезінуіңіз мүмкін - сыйластық, таңданыс, бұзылған интернет желісі, ғажап моногамия, бірақ бір сәтте бәрі жоқ болуы мүмкін. Бақытты некелердің ерекшелігі не? Өмірінің соңына дейін тату-тәтті тұратын жұптарда қандай ерекшелік бар? Олар қандай дұрыс әрекеттер жасайды? Олардан не үйрене аламыз? Сен әлі күнге дейін жалғыз ұйықтасаң, оны тоқтатуға не себеп бола алады? өміріңнің қалғанын мазалап өткізетін жартыңды табуды өміріңнің мақсаты қылуыңа не себеп бола алады?

3:20 Осыны анықтау үшін зерттеушілер сіздің салықтарыңыздан миллиардтаған доллар жұмсап жатыр. Олар бақытты жұптарды аңдып, олардың әр қимылы мен мінез-құлықтарын зерттеуде. Бақытты некелердің бақытсыз некелерден, көршілері мен достарынан айырмашылығы не екенін білуге тырысуда. Нәтижесінде сәтті некелердің бірнеше ұқсастығы бары анықталды. Шынтуайтында, олар басқалармен жыныстық қатынасқа түспейді.

3:45 Мысалы: ең бақытты некелерде әйелі күйеуіне қарағанда арықтау және сымбаттырақ келеді. (күлкі) Бұл шындық. Бұл көрсеткіш некелердің бақытты болуының бір себебі. себебі әйелдер өзінің түр-әлпетіне салмағына қатты көңіл бөледі, ал еркертер болса, секске көп көңіл бөледі... әрине секстің өздерінен арықтау және әдемірек әйелмен болғанын қалайды. Бұл зерттеулерге сүйенсек, әйелдер бақытты болу үшін арық болу керек деген сөз емес. Біз тек жартыларымызға қарағанда арықтау болуымыз керек. Қиынға соғатын диеталар мен жаттығулардың орнына, еркектердің семіруін күтуіміз керек, мүмкін тәттілер пісіруіміз керек шығар. Бұл жақсы ой және қиынға соқпайды.

4:32 Зерттеулерден тағы белгілі болғаны ең бақытты некелер ылғи позитивті көңіл күйде болады. Мысалға: бақытты әйел күйеуінің семіргенін айтып бетке басудың немесе жүгіру керектігін айтудың орнына, Ол: "Қымбаттым, толықтағаның қандай жақсы, мен енді сенің қасыңда арық болып көрінемін", десе болады. Бұл жұптар қандай жағдай болмасын жақсысын көріп тұрады. "Иә, бұл өрттің кесірінен біз барлық дүниемізден айырылдық, бірақ мына жұлдыздардың астында ұйықтаған сондай керемет. және денеміздің семіз болғаны да жақсы жылырақ болады".

5:08 Менің зерттеулерімнің ішіндегі ең сүйіктісі әйелдер үйдің шаруасымен айналысатын күйеулерді қалайды. бұндай күйеулер көбірек еліктіреді. Бізге осыны білу қажет болды. Оның себебі бар. Әйелі күйеуін тартымды көрген сайын, оларда секс көбірек болады; секс көп болған сайын, күйеуі әйеліне сүйкімдірек көрінеді. күйеуі әйеліне сүйкімдірек көрінген сайын, әйелі оны ылғал орамалды керуеттің үстінде қалдырғаны үшін азырақ ұрысады. Нәтижесінде тату-тәтті өмір сүреді. Басқа сөзбен айтсақ, еркектер, мүмкін сендер үй шаруасымен көбірек айналысуларың керек шығар.

5:42 Тағы бір қызық жағдай. Зерттеулерге сүйенсек, балалық шағында суретке күліп түскен адамдардың ажырасу ықтималдығы азырақ. Бұл нақты зерттеу. Маған бұны ашып айтуға рұқсат беріңіз. Зерттеушілер адамдардың балалық шағында бақытты болғаны жайлы құжаттарды немесе ескі журналдарды тексерген жоқ. Бұл мәліметтер адамдар балалық шағындағы суреттерде бақытты көрінеді ма, жоқ па соған байланысты алынған. Мен сендердің қанша жаста екендеріңді білмеймін. бірақ біз бала болған кезімізде ата-анамыз арнайы фото камерамен суретке түсіретін, ол фототаспа деп аталатын, Бұл таспа өте қымбат болатын. Олар бүгінгі күнгі сандық фотоаппараттармен түсіретіндей 300 рет түсірмейтін. суреттердің ішінен ең әдемісін таңдап алып, құттықтау хаттарының бетіне шығармайтын. Жоқ, жоқ, Олар сендерді киіндіріп, бір қатарға тұрғызып, сол құрып кеткір камераға олар айтқандай күлуіңді талап ететін. күлмесең, туған күніңде болатын дастарханмен хош айтысатын боласың. Сонда да менде бір қап бақытты балалық шақтың суреттері бар. Мен ата-анама ажырасатын адамдарға ұқсатпағандары үшін алғыс айтамын.

6:49 Өзіңнің некеңді сақтау үшін тағы не істей аласың? Оскар сыйлығының ең үздік актриса сыйлығын алуға ұмтылма. (күлкі) Мен ойнап тұрған жоқпын. Бэтти Дэвис, Жуан Кроуфорд, Халли Бэри, Хилари Суанк, Сандра Баллок, Риз Уизерспун, олардың барлығы сол сыйлықты үйлеріне алып келгеннен кейін ажырасқан. Олар шындығында оны Оскар лағынеті деп айтады. Бұл неке үшін соңғы сүйісу іспетті және одан қашық жүру қажет.

7:15 Фильмдерде түсу ғана қауіпті емес, Романтикалық комедияларды көру де зиян, себебі өзіңіздің некеңізге қанағаттану көрсеткіші азаяды. фильмдегі романтика сізбен болуы мүмкін еді деген ой мазалаған болуы керек. бірақ олай болмады, болмайды да, бұл фильмдер тұсында біздің өміріміз салыстырмалы түрде түнеріңкі болып көрінеді. Теория жағынан алсақ, менің ойымша егер біз аса қаталдықпен өлтірілген адамы бар немесе жол аптынан қайтқан адамы бар фильмді қарайтын болсақ, кинотеатрдан Құдайға шүкір біздің жағдайымыз олардан жақсы деген оймен шығамыз.

7:53 Алкоголь некеңізге зиянды секілді. Иә. Бұл бөлім туралы ештеме айта алмаймын, себебі тақырыбынан басқа ештеме оқымадым. Сізді шошытатын тағы бір шындық: Ажырасу жұқпалы. Егер сіздің ажырасқан жақын достарыңыз болса, бұл сіздің некеңіздің бұзылуына 75 % мүмкіндік туғызады. Мен бұл пікірмен келіспеймін. Менің жолдасым және мен бірнеше достарымыздың ажырасқанын көрдік. олар біздің құрдастарымыз, біздің жасымызда болса да, жалғыз тұрады. виагра мен интернет үндестігі заманында жалғыз болуды қалайды. Олар менің некеме өмір бойы алған терапиядан қарағанда көп үлесін тигізді.

8:40 Қазір сізге онда адамдар неге үйленгілері келеді деген ой келуі мүмкін. Мысалға, АҚШ мемлекеті үйленген, жұбы бар адамдарға мыңдаған жеңілдіктер жасайды. Түрмеде жатқан жолдасыңа кездесуге бару мүмкіндігі сияқты, бірақ сізге бұның қажеті болмас деген үміттемін. Бұл жеңілдіктерден басқа бір себеп - үйленген адамдар табыстырақ болады. Біздің денсаулығымыз жақсырақ келеді, физикалық және рухани тұрғыдан алғанда. Біз бақыттырақ, тұрақтырақ, ырыстырақ бала тәрбиелейміз. Бізде секс көбірек. жалғыз басты достарымызға қарағанда, сенсеңіз де, сенбесеңіз де. Біз ұзағырақ өмір сүреміз. Бұл өте маңызды аргумент. Бұл өзіңнің сүйіктіңе үйлену керектігіңнің тағы бір себебі.

9:29 Егер сіз әлі салықтарды тек жеке басыңыз үшін төлеп жүрсеңіз, одан бас тартуға кеңес беремін. Мен сізге сүйіктіңізді қалай табу керектігін айта алмаймын. Өзі мінсіз, пәк, сүйкімді, қорқынышты фильмдерді жақсы көретін, ажырасқан достары көп емес, Мен сізді тек тырысып қарауға үгіттей аламын, себебі некеде болудың мен атап өткен артықшылықтары көп. Ең бастысы некеде болу немесе оны құруға тырысу. Мен некенің бір мектеп екеніне сенемін, оны қалауға, қорғауға тұрарлық мектеп. Бүгінгі кеңестерім сізге пайдасы тиер деген үміттемін, өзіңіздің әліңізді тануға, болуы мүмкін тәуекелдерге жол бермеуге, т.с.с.

10:07 Мысалы, менің некемде мен бәрі жақсы деп айталамын. Бір жағынан, Менің жолдасым арық және өте көрікті. Сол себептен мен оны семіртуге бел будым. Мен айтып кеткендей, біздің ажырасқан достарымыз бар, біздің ажырасуымызды көздеп жүрген болуы да мүмкін. Сондықтан олардан да көз жазбауымыз керек. Арасында бір-екі коктейль ішіп қоямыз. Екінші жағынан, Мен балалық шақта түскен суреттерде бақытты көрінемін, Күйеуім үй шаруасына да көмектеседі. және өмірінің соңына дейін романтикалық комедия көрмей өтеді.

10:45 Бұның бәрі сақтық үшін. Некемнің ұзақ сақталуы үшін, жақын арада Оскар сыйлығын ұтпауға тырысамын Сендердің де қарым-қатынастарың жақсы болу үшін сізге де солай істеуге кеңес беремін. Барда кездескенше.

11:01 (Ду қол шапалақ)