Return to the talk Return to talk

Transcript

Select language

Translated by Ansarbek Kadraliyev
Reviewed by Aliya S

0:11 Алдарыңызда сөз сөйлеуге қуаныштымын. Мені шақырғандарыңызға көп рахмет. Менің қызықты нәрселер жайында сөйлескім келеді, бірақ менің ойымша, маған қызықты заттар басқаларға онша қызықты болмас. Менім бейджигімде – астроном деп жазылған сондықтан, әрине мен астрономия жайында сөйлескім келеді бірақ мен күдіктенемін, сұр емес атмосферадағы радиациялық жылу алмасу мәселесі немесе Юпитердің мезо және термоферасындағы жарықтың поляризациялауына қызығатын адамдарды бір аялдама алаңына сыйдыруға болады Сондықтан мен астрономия жайында сөз қозғамаймын. (Залдағы күлкі)

0:41 Мүмкін 1986 - 1987 жылдардағы оқиғалар туралы ол кезде хакерлер біздің жүйелерімізді бұзған Беркли лабораторияларында орналасқан Мен сол жігіттерді ұстап алдым олар кезінде КГБ-ға қызмет жасаған, ақпаратты ұрлап, сосын оны сатқан екен Әрине осының бәрін талқылау күшті /қызық/ болар еді алайда, қазір, 20 жылдан соң, шынымды айтсам, компьютерлік қауіпсіздік тақырыбы іш пыстырады жалығып кеткендеймін Сондықтан мен...

1:11 Бірдеңені бірінші болып жасасаңыз – оны ғылым дейді Егер соны екінші рет жасасаңыз – қолданбалы ғылым дейді Үшінші рет қайталанса – ол кәсіпке айналады Мен ғалыммын ғой. Мен бір нәрсені жасағаннан кейін, тез арада басқа тақырыптарға ауысып кеткім келеді. Сондықтан мен қауіпсіздік туралы сөйлемеймін. Оған қоса, менің кітаптарымдағы айдай анық тезистерді, бірінші кітап - Silicon Snake Oil жайында да не болмаса, екінші кітап жайында да сөйлемеймін Мен қазір компьютерлердің орны мектептен тыс жерде болуы тиіс екеніне сенемін

1:42 Менің ойымша, айналамызда мектептерде компьютерлер көп болу қажет деген таратылатын ой – теріс ой Керек емес! Қажеті жоқ! Меніңше, компьютерлерді мектептерден алып тастап, оқушылардан алыс ұстау керек! Әрине, бұл жайында сөйлесу жаман емес еді бірақ, менің ойымша, бұл позициям 4-ші сыныптағы сабақтарға қатысқан әр адамға анық сондықтан бұл тақырыптағы пікірталас мәнсіз. Алайда мен, мектеп туралы немесе басқа айтылған, жазылған мәселелер туралы қателесуім мүмкін Сондықтан менің диссертациямды оқымаңдар. өйткені оның ішінде де қателер толып жатқан шығар.

2:14 Мен өз баяндама тақырыбын 5 минут бұрын жоспарладым (Залдағы күлкі) егер де сіз менің қолыма қарасаңыз Сөзімдегі ең маңыздысы – мына бас саусақта – болашақ. Мен болашақ туралы сөйлеуім керек қой? Бірақ меніңше, мені болашақ туралы сұрау қате өйткені мен ақ шаштымын сондықтан маған болашақ туралы айту - ақмақтық Егер болашақтың құрамы туралы шынымен де білгіңіз келсе егер шынымен де соны білгіңіз келсе, оны инженер, технолог немесе физиктен сұрау керек емес. Программистен де сұрамай-ақ қойыңыз.

3:01 Егер адамзаттың болашағы 20 жылдан соң қандай болмақ деген сауалыңыз бар болса, балабақшадағы тәрбиешіден сұраңыз. Ол біледі. Әрине кез келгенінен емес, тәжірибесі молынан. Тек қана олар – келесі ұрпақ қандай болатынын біледі Бірақ мен, немесе болашақ туралы сөйлейтін басқа адамдар білмейді. Әрине, арамыздағы көпшілік, болашақта пайда болатын қызықты нәрселерді елестете аламыз бірақ мен үшін болашақ - заттардан құралмаған. Сондықтан мен, болашақ қандай деп ойлаймын қазірдің өзіде, жас ұрпақ смс-ті тамаша қолданады экран алдында ұзақ уақыт өткізеді, алайда ешқашан бірге боулингке бармаған.

3:52 Бәрі де өзгеруде, бірақ бұл өзгерістер компьютер программаларында емес. Бірақ мен бұл туралы сөйлемеймін. Әрине, сөйлесуге болар еді алайда, мен қазір, немен айналысып жатқаным туралы баяндайын. Мен қазір немен айналысудамын? Менің айтпағым дәл мына жерде жазылған. Көріне ме? Мен бір ғана жағы бар заттар туралы сөйлескім келеді. Мен тек қана, бір жағы бар заттар туралы сөйлеуге құштармын. Мен Мебиус ленталарын жақсы көремін. Бірақ тек қана Мебиус ленталарына құштар деп ойлап қалмаңдар. Мен сирек кездесетін, мүмкін тіпті кездеспейтін Клейн шөлмектерін жасайтын адамдардың бірімін. Қазір мұқият қарауыңызды өтінемін бұл - Клейн шөлмегі. Араңызда білетіндер қазір көздерін бадырайтып, мен ол туралы бәрін білемін деп ойлауда. Бұл бір жақты шөлмек, сыртындағысы - ішінде. Қөлемі де жоқ, бағыты да жоқ. Өте ғажайып сипаттары бар Егер, 2 Мебиус лентасын алып, ортақ шекарасы бойынша бекіттірсек осындай нәрсе пайда болады. Бұл жайында әңгімелеу қызықты болар еді бірақ маған бұған қосатын сөз жоқ, өйткені (Күлкі)

5:05 (Крис Андерсон: мен тұмауратып тұрмын)

5:06 Алайда, «ТЕД»-тегі «Д» әрпі – дизайнға жауапты Мен екі жұма бұрын бітірген... шынымды айтсам мен әр түрлі шөлмектерді сатуға жасағам бірақ мен жаңа ғана біреуін бітірген едім, соны көпшілікке көрсеткім келеді, бұл тұңғыш Клейннің шарап шөлмегі! 4 өлшемді кеңістікте сұйықты сақтай алмаса да біздің өлшемімізде – қолдануға болады, өйткені біздің әлемімізде тек қана 3 өлшемді кеңістік бар. және сол 3 өлшемді кеңістік көмегімен бұл шөлмекте сұйық заттарды сақтауға болады. Сондықтан бұл ең керемет шөлмек. Осыған 1 ай өмірім кетті! Топология жайында да сөйлесуге қуанар едім, бірақ ол да қалсын. (Күлкі)

6:16 Осының орнына, мен шешем туралы айтайын, ол өткен жылдың жазында қайтыс болды. Ол барлық аналар сияқты, менің фотоларымды жинаушы еді. Мына слайдты көрсетуге болады ма? Мен, мамам жинаған альбомды қарап отырғанда, бір фотода тұрып түскен едім... жоқ, 1969 жылы кайдағы бір құрылғылар арасында отырған едім Мен осы фотоларға қарап, есіме - ол кезде дыбыс жазу студиясында жұмыс істеп жүрген едім! Жай техник болып, Баффало институтының құрал-жабдықтар студиясында Уақыт машинасы - ол мені өтіп кеткен заманға жіберді.

7:04 Одан кейін басқасын таптым, мына жердегі жігіт – мен. Ал мына адам - Роберт Моог, Моог синтезаторын ойлап тапқан. Ол өткен жылғы тамызда өмірден өтті. Роберт Моог жомарт та мейірімді адам, тамаша инженер Ол мені үйрететін еді. Баффало университетінің 2ші курс студентін сол үшін Трумансбургтан келуші еді тек қана синтезатордың жұмыс принципы жайында емес. Біз осы жерде отырмыз, ол кезде мен физиканы оқып жүрген едім. 1969 әлде 70, 71 жыл шамасы еді. Біз физикамен, мен физикамен айналысатын едік, ол маған: «Сенікі дұрыс, физикамен айналыссаң электронды музыкамен айналыспа» дейтін Келіп көп нәрсе үйрететін маған өте көп уақыт бөлетін, аспирантураға рекомендациялық хат жазған еді Мына жерде фонда менің велосипедым бұл сурет менің досымның қонақжай бөлмесінде жасалған. Боб Моог келіп, өзімен бірге әр түрлі құрал-жабдықтар әкелуші еді, соны маған және Грег Флинтқа көрсетуші еді. Біз Фурье өзгерістері туралы Бессель функциялары, тасымал функциялары туралы сөйлесетін едік Бобтың қазасы бәрімізге ауыр тиді. Өзін музыкант деушілердің бәрі де оның әсерін сезеді. (Ду шапалақ) Ал енді мен немен айналысатынымды айтайыншы. Меніңше, сіздер мына осциллоскопта деформацияланған әбден үшбұрышқа айналған синусоиданы тани аласыз.

8:52 О, мен де мына жерге жеткен екенмін ғой! Мына жерде «балалар» деп жазылған! Балалар жайында айтсам, дұрыс бола ма? Мен, өзім үшін, басым жеткілікті үлкен емес деп шештім, сондықтан мен, осы жерде және осы уақытта әрекет жасаймын. Егер мен біреуге көмектесе алсам, осы жерде және осы уақытта көмектесемін. Біреуге кандидаттық дәреже, немесе диплом, сол сияқтылар. 1 жыл бұрын мен бірнеше мектеп мұғалімдерімен сөйлескен едім. Солардың кейбіреулері менен сұраушы еді – неге мен ұстаздықпен айналыспаймын? Мен оларға – менде бірнеше аспирант болғанын, студенттерге курс оқығаным туралы айттым. Ал олар: балаларды соншалықты жақсы көрсең, мектепте сабақ беруің тиіс, - деді Өз сөзіңе тұруың керек дегендей.

9:47 Сондықтан мен қазір 8ші сынып оқушыларына, аптасына 4 рет сабақ берудемін, тек анда санда әншейін ғана келіп кету емес... жоқ- жоқ- жоқ! Әрбір сабаққа барамын! Менде түскі тамаққа заңды үзіліс бар! (шапалақ) Бұл... жоқ-жоқ-жоқ, қол шапалақтамаңдар Менім ойымша, әрбіреуіміз осы үлгі жолына түсуіміз керек Тек анда-санда сыныпта ғана емес, әрдайым сабақ беруіміз керек. Мен “ставканың” үштен біріне қанағатпын, осының өзі жаман емес. Мен, өз оқушыларыма маңызды бірдеңе жасадым. Мен оларға, біз физиканы университет деңгейінде зерттейміз дедім. бірақ математикалық анализсіз - біз оны алып тастаймыз, тригонометрияны да алып тастаймыз, бірақ та математиканы 8ші сынып деңгейінде білу қажет болады. Осыған қоса, біз ғылыми эксперименттер өткіземіз. «120-шы бетті ашып, үйде есеп шешу» түрінде емес. Біз шынайы физиканы оқудамыз, мен сіздерге соны көрсеткім келеді. (Шиқыл)

10:40 Қосу алдында тағы бір ауыз сөз. 3 апта бұрын сыныбыммен бір тәжірибе жасағанбыз . Ол, линзалармен байланысты еді, сондықтан біз линзаларды қолдандық, жарық жылдамдығын өлшеу үшін. Эль Серритодағы оқушыларым, менің көмегіммен, осыған қоса, ескі осциллоскоп көмегімен, жарық жылдамдығын өлшедік. Біздің қателік дәрежеміз 25 пайыз еді. Сіз жарық жылдамдығын өлшей алатын неше 8ші сынып оқушысын білесіз? Оған қоса біз дыбыс жылдамдығын өлшедік. Мен, жарық жылдамдығын қалай өлшегенімізді қуана көрсетер едім, мен соған дайындалған да едім, құдыретті күштерді алдап, алдарыңызда жарық жылдамдығын өлшеп, соны жасауға даяр едім, алайды осы жерде, баяндамаға дайындалуға бар болғаны 10 минут беріледі екен! Менде уақыт жетпей қалды, сондықтан келесі жолы жарық жылдамдығын өлшеп берермін.

11:27 Ал, дәл қазір, дыбыс жылдамдығын өлшейік! Дыбыс жылдамдығын өлшеудің нақты тәсілі - оны тойтарып, жаңғырығын қарау. Алайда, менің Ариэль атты оқушым, дыбыс жылдамдығын толқын теңдігі арқылы өлшеуді ұсынды. Бәріміз білетіндей, ол: кез келген толқын үшін жиіліктің оның ұзындығына көбейтіндісі константаға тең. Жиілік өссе, толқын ұзындығы кемиді. Толқын ұзындығы өссе, жиілік кемиді. Алдымызда толқын (Экранды түсіріңізші, ең қызықтысы мына жерде) дыбыс биіктігі өссе, шыңдар жақындайды, ал дыбыс төмендесе, шыңдар алшақтайды. Бұл физиканың қарапайым бөлімі, барлықтарыңыз 8-ші сыныптағы фактілерді білесіз ғой? Алайда, 8-ші сыныпта сізге, мына бір нәрсені, өкінішке орай айтпайды, егер дыбыс немесе жарық жиілігін оның ұзындығына көбейтсе - константа шығады! Бұл константа – дыбыс жылдамдығына тең. Осыған орай, дыбыс ұзындығын өлшеу үшін дыбыстың жиілігін білу қажет. Бұл өте оңай - мына жерде, менде жиілік есептегіші бар. Оны, 2-ші октавадағы ля-ға орнатайын. Енді мен дыбыс жиілігін білемін, ол 1,76 килогерцке тең. Енді толқын ұзындығы кезегі. Маған 2-ші арнаны қосу керек, енді менің сөйлегенім көрінуде. Менің сөйлеген сөзімнің бәрі экранда көрініп тұрады. Мен микрофонды мына жерге жақындатып, дыбыс көзінен алшақтатамын. Сіздер бірте-бірте дыбыс төмендейтінін байқайсыз. Біз, толқынның түрлі-түрлі түйіндері арқылы ал ол, өз кезегінде мына жерден шығады. Физиктер, көізңізді бадырайып отырғанын сезіп тұрмын, бірақ ешқайда кетпеңіздер! (Күлкі)

13:30 Толқын ұзындығын өлшеу үшін маған мына жер мен мына жердің арақашықтығын өлшеу жеткілікті. Мына жерден – мына жерге, дыбыс толқынының ұзындығы. Сондықтан мен, рулетканы алып, өлшеп жіберемін Мен микрофонды 20 см-ге қозғаймын Мынадан – мынаған дейін 0,2 метр. Енді «Сезам көшесін» ойнайық. Жиілік – 1,76 килогерц, немесе 1760. Толқын ұзындығы – 0,2 метр. Енді, есептеп көрейік. (Күлкі) (Шапалақ) 1,76-ні 0,2-ге көбейтсек, секундына 352 метр шығады. Егер де анықтағышқа қарасақ, дұрысы – 343 болады. Бірақ біз, дәл осы жерде, быт-шыты шыққан жабдық пен жеркендіретін сусындар көмегімен, дыбыс ұзындығын... жаман емес дәлдікпен өлшедік.

14:54 Біз, бірте-бірте, менің айтпақ ойыма жақындадық. Мені 100 жыл бұрын елестетіп көріңіз. 1971 жыл, өзіме қорқынышты көрінетін Вьетнам. соғыс жүріп жатыр. Мен физиканы зерттеудемін: Ландау мен Липшиц, Резник пен Холидей бізге келуде, ал бізде тәртіпсіздіктер болып жатыр. Тәртіпсіздік! Болды, «Сезам көшесі» аяқталды. Университетте тәртіпсіздіктер, және мені полицейлер қууда. Мен студенттік қалашықтамын, маған полицей келіп: «Әй, сен студентсің ғой! » Тапаншасын шығарып атуда! Үстімнен, көлемі газдалған сусын шөлмегінің көлеміндей көз жасын ағызатын газ канистрасы ұшуда. Мен газдың азғантай мөлшерін жұтып, тынысым қиналуда, ал, полицейлік болса, маған қарай мылтығымен шабуылдап, мені ұрып, естен тандырғысы келеді! Мен қашу керек екенін ойлап тұрмын, және университет төңірегінде барынша одан қашудамын. Қоңырауханалардың біреуіне жүгіріп мінудемін, полицейлік менің артымнан екінші, үшінші, төртінші қабатқа қалмай қууда. Ақыры, мен шіркеу мұнарасына апаратын бір бөлмедемін. Артымнан есікті жауып, жоғарыға көтерілудемін маятниктің ілгіші астынан өтіп ойлаудамын: «Аха, ауытқу жиілігі ұзындықтың түбіріне тура пропорционал».

16:16 Жоғарыға көтеріле штифт тұрған жерге түстім, а ол жерде – сағат, сағат, сағат. Уақыт кері зымырауда, өйткені мен сағат ішіндемін, және мен Эйнштейннің салыстырма болжау теориясы мен Лоренц түрлендірулерін ойлаудамын одан әрі жоғарылап, ағаш баспалдақты көрудемін. Егер сол баспалдақпен жоғары көтерілсең люкті ашып, күмбезге өтесің 3 метірлік күмбездердің біріне. Төмен қарап, полицейліктердің студенттердің бастарын жарып, газбен тұншықтырып, жатқанын көрудемін, студенттер кірпіш лақтыруда. «Мен бұл жерде не істеп жатырмын?» деп ойлаудамын Осыдан кейін, ағылшын тілі мұғалімінің сөзі есіме түсуде. Қоңырауды құйып жасаған кезде, үстіне - арнау сөз жазады. Мен, қол астындағы қоңыраудың біреуінен көгершін саңғырығын кетіріп, өз өзімнен – «Мен бұл жерде не бітіріп жүрмін? » - деп сұраудамын

17:01 Ол жерде жазылғанды мен сендерге айтқым келеді Баффало университеті қоңырауларының біреуінде: «Ақиқат жалғыз. Бұл жерде ғылым мен дін адамзат прогресі үшін бірігіп, түнектен жарыққа, Надандықтан ой-өрісінің кеңдігіне, соқыр сенімдерден мейірімділік жолынан өтсін Өмірдің даусы осы жолдан сүрінбей өтіп, білім алуға ұран тастайды». Назарларыңызға рахмет!