Return to the talk Return to talk

Transcript

Select language

Translated by Askhat Yerkimbay
Reviewed by Zhan Kar

0:11 Егер президент Обама "Математика патшасы" болуға ұсыныс білдірсе, оған айтар бір кеңесім бар: осы елдегі математиканы оқытуды тұтастай өзгертер едім. Оны жүзеге асыру оңай және арзан болмақ.

0:30 Біздегі математиканы оқыту бағдарламасы арифметика мен алгебраға негізделген. Үйренгеніміздің барлығы бұдан соң бір ғана пәнге қарай бағытталған. Бұл пирамиданың ұшар басында - матанализ тұр. Менің айтпағым пирамиданың бұлай құрылуын қате деп білемін... Дұрыс нұсқада - студенттеріміз бен мектеп түлектеріміздің барлығы білуі тиіс статистика тұруы керек. ықтималдық және статистика. (шапалақ)

1:02 Мені қате түсіне көрмеңіз. Анализ де өте маңызды пән. Адамзат ақыл-ойының керемет жемісі. Табиғаттағы заңдылықтар матанализ тілінде сөйлейді. Матем, ғылым, инженерия, экономиканы оқитын әрбір студент университеттегі алғашқы жылдың соңына қарай сөзсіз анализді үйренуі тиіс. Алайда, математика профессоры ретінде айтарым, өмірде тек санаулы адам ғана саналы, мағыналы түрде күнделікті өмірде анализді қолданады. Керісінше, статистика - күн сайын қолдануға болатын әрі білуге тиісті пәндердің бірі. Солай ғой? Бұл - тәуекел. Марапат. Кездейсоқтық. Бұл - мәліметтерді түсіну.

1:43 Студенттер, мектеп оқушылары барлық Америка азаматтары ықтималдық пен статистика туралы білер болса, бүгінгідей экономикалық қойыртпақты көрмес едік. (Күлкі) (Шапалақ) Бұл ғана - рахмет - бұл ғана емес... дұрыс оқытылса, қызықты болар еді. Яғни, ықтималдық пен статистика әртүрлі ойындар мен құмар ойындардың математикасы десе болады Бұл - оқиғаларды сараптау. Болашақты болжау. Қараңыз, әлем өзгерді. Аналогтан дижиталға ойысты. Біздің математикалық бағдарламаның да өзгеретін кезі келді. аналогтан дижиталға қарай классикалық, дәстүрлі математикадан заманауи, дискретті математикаға болжалды математика, кездейсоқ мәліметтерге толы математикаға ықтималдық пен статистикаға ойысуы керек.

2:33 Сөзімнің тоқ етері, студенттер математикалық анализдің тәсілдерін үйренгенше барлығы орташа көрсеткіштен екі стандартты ауытқу дегеннің мағынасын білсе, нұр үстіне нұр болмақ. Бар айтпағым осы. Көп рахмет. (шапалақ)