About Bakytgul

Languages

English, Kazakh, Russian

Areas of Expertise

Teaching & Learning, Kazakh Language, New Media, Technology in Education

Favorite talks

Comments & conversations

186109
Bakytgul Salykhova
Posted over 1 year ago
Cіздің өміріңізде кітаптың орны қандай?
Мен сіздерге Көкшетау оқушыларының атынан жазып отырмын. Оқушылар мынадай пікірлер айтып жатыр: Арайлым: мен көбінесе әлем әдебиетін оқығанды ұнатамын. Себебі қазіргі көптеген атақты жас жазушылардың бүкіл дүниені таңқалдырып жатқан кітаптары шығып жатыр. Алина: Менің ойымша кітаптарда интернетке қарағанда қателер аз, және біз оларды оқығанда таза, сауатты болуға үйренеміз. Мадина: Мен көбінесе шетел әдебиетін оқимын, ол арқылы мен өзімнің көзқарасымды ұлғайтамын. Сағындық: Менің ойымша, әр ақпарат түрін ауыстырып отыру керек. Өйткені адам біртүрлі ақпараттан жалығып кетуі мүмкін және де адам ағзасынан да жаман әсері болуы мүмкін. Мысалы, компьютерден де кітап оқысаңыз көзіңіз ауыруы мүмкін, сондықтан бәрінің шегі болуы керек. Гүлназ: Мен көбінесе қазақ әдеби кітаптарын оқимын және оқушыларға сол кітаптарды оқуға кеңес беремін. Өйткені біз өз әдебиетімізді, ұлы тұлғалардың мұраларын ұмытпауымыз керек. Мен үшін кітаптың орны ерекше.