TED Conversations

This conversation is closed.

Cіздің өміріңізде кітаптың орны қандай?

Соңғы кездері жаңа технологиялардың дамуы арқасында адам баласы ақпаратты тұтыну әдетін де өзгертуде. Үлкен, ұзақ шығармаларды оқу қиындай түсті, орнына аудиокітаптар жиі қолданылуда. Сонымен қатар кітап оқуға арналған нешетүрлі қондырғылар мен құралдар да қарқынды дамып жатыр. Ал Сіздің өміріңізде кітаптың орны қандай? Аптасына қанша уақыт көркем әдеби немесе ғылыми кітап оқуға арнайсыз? Қандай кітаптар қыған дұрыс дер едіңіздер? Басымдық жиі оқылатын ең көп сатылатын кітаптарға ма, әлде уақыт сынынан өткен кітаптарға берілуі керек пе?

Share:

Showing single comment thread. View the full conversation.

  • thumb
    May 4 2013: Мен Орал қаласында орын тепкен Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысымын, Жасым 15те.
    Өте орынды, ойландыратын, астарлы ойларға жетелейтін сұрақ. Кітап - сан ғасырлар бойы өзінің адамзатқа деген құндылығын жоғалтпаған білімнің қайнар көзі. Өзім үшін кітаптың алар орны ерекше. Мәселен, тарихи мәліметтерге және әлем әдебиеттерінің тамаша туындыларына толы кітаптарды сүйсіне оқимын. Кейбір жас өспірімдер кітапты оқу түгілі қолына да алмайды. Әрине бұл көңілге орны толмас қаяу түсіретін жайт. Өз оқыған кітаптарымның ішінде Шыңғыс хан, Мөде қаған, Абылай хан сынды тарихи кітаптар және Вешние воды, Ревизор, Горе от ума, Гроза секілді орыс әдебиетшілерінің баға жетпес туындыларын оқыдым. Сіздерге де осы кітаптарды оқуды ұсынамын. Және де оқуға тұрарлық кітаптарды жазып жіберуіңізді өтінемін....

Showing single comment thread. View the full conversation.