TED Conversations

Nartay Ashim

This conversation is closed. Start a new conversation
or join one »

Cіздің өміріңізде кітаптың орны қандай?

Соңғы кездері жаңа технологиялардың дамуы арқасында адам баласы ақпаратты тұтыну әдетін де өзгертуде. Үлкен, ұзақ шығармаларды оқу қиындай түсті, орнына аудиокітаптар жиі қолданылуда. Сонымен қатар кітап оқуға арналған нешетүрлі қондырғылар мен құралдар да қарқынды дамып жатыр. Ал Сіздің өміріңізде кітаптың орны қандай? Аптасына қанша уақыт көркем әдеби немесе ғылыми кітап оқуға арнайсыз? Қандай кітаптар қыған дұрыс дер едіңіздер? Басымдық жиі оқылатын ең көп сатылатын кітаптарға ма, әлде уақыт сынынан өткен кітаптарға берілуі керек пе?

+25
Share:

Showing single comment thread. View the full conversation.

  • thumb
    May 4 2013: Сәлеметсіз бе! Менің есімім Әбілман Назеркем. Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9 "В" сынып оқушысымын. Кітаптың орны мен үшін ерекше. Кітап тіл байлығымызды дамытып қана қоймай, мәдениетті болуға да үйретеді. Мен бос уақытымда кітап оқуға тырысамын. Ең соңғы оқыған кітабым ағылшын тілінде болды. Ал қазақ тіліндегі кітаптардан "Абай жолын"оқып жатырмын. Қазіргі уақытта оқу жылы аяқталып жатқандықтан , аптасына тек 30 минутымды арнаймын. Аудиокітаптар оқу пайдалы деп ойлаймын. Себебі ол уақытмызды үнемдейді. Бірақ кітапты өз көзімен көре отырып оқу пайдалы деп санаймын.

Showing single comment thread. View the full conversation.