TED Conversations

This conversation is closed.

Cіздің өміріңізде кітаптың орны қандай?

Соңғы кездері жаңа технологиялардың дамуы арқасында адам баласы ақпаратты тұтыну әдетін де өзгертуде. Үлкен, ұзақ шығармаларды оқу қиындай түсті, орнына аудиокітаптар жиі қолданылуда. Сонымен қатар кітап оқуға арналған нешетүрлі қондырғылар мен құралдар да қарқынды дамып жатыр. Ал Сіздің өміріңізде кітаптың орны қандай? Аптасына қанша уақыт көркем әдеби немесе ғылыми кітап оқуға арнайсыз? Қандай кітаптар қыған дұрыс дер едіңіздер? Басымдық жиі оқылатын ең көп сатылатын кітаптарға ма, әлде уақыт сынынан өткен кітаптарға берілуі керек пе?

Share:

Showing single comment thread. View the full conversation.

  • Apr 20 2013: Шындыққа жол ашатын болсақ, қазіргі уақытта көптеген адамдар кітапты оқуды жөн көрсе де, оны оқығанға уақыттары жоқ. Мен өзімді осындай адамдардың қатарына жатқызамын. Алайда, мектеп бағдарламасы бойынша берілетін көркем әдебиет шығармаларын өте жоғары бағалаймын, сондықтан да оларды оқуды қолдаймын және басқа оқушыларға одан бас тартпай оқуларына кеңес беремін. Себебі, осындай "Абай жолы", "Война и мир" және басқа да шығармалар өмірің мен көзққарасыңды оң жаққа бұруы мүмкін! Сонымен қатар, ойлау және сөйлеу қабілеттеріңді дамытып, жетілдіреді. Бірақ, осындай пайдасы зор шығармаларды аудиокітаптардан тыңдамай, өз беттерімен арнайы уақыттарын бөліп оқығанды жөн көремін!

Showing single comment thread. View the full conversation.