TED Conversations

This conversation is closed.

Cіздің өміріңізде кітаптың орны қандай?

Соңғы кездері жаңа технологиялардың дамуы арқасында адам баласы ақпаратты тұтыну әдетін де өзгертуде. Үлкен, ұзақ шығармаларды оқу қиындай түсті, орнына аудиокітаптар жиі қолданылуда. Сонымен қатар кітап оқуға арналған нешетүрлі қондырғылар мен құралдар да қарқынды дамып жатыр. Ал Сіздің өміріңізде кітаптың орны қандай? Аптасына қанша уақыт көркем әдеби немесе ғылыми кітап оқуға арнайсыз? Қандай кітаптар қыған дұрыс дер едіңіздер? Басымдық жиі оқылатын ең көп сатылатын кітаптарға ма, әлде уақыт сынынан өткен кітаптарға берілуі керек пе?

Share:

Showing single comment thread. View the full conversation.

  • thumb
    Apr 19 2013: Мен сіздерге Көкшетау оқушыларының атынан жазып отырмын. Оқушылар мынадай пікірлер айтып жатыр: Арайлым: мен көбінесе әлем әдебиетін оқығанды ұнатамын. Себебі қазіргі көптеген атақты жас жазушылардың бүкіл дүниені таңқалдырып жатқан кітаптары шығып жатыр. Алина: Менің ойымша кітаптарда интернетке қарағанда қателер аз, және біз оларды оқығанда таза, сауатты болуға үйренеміз. Мадина: Мен көбінесе шетел әдебиетін оқимын, ол арқылы мен өзімнің көзқарасымды ұлғайтамын. Сағындық: Менің ойымша, әр ақпарат түрін ауыстырып отыру керек. Өйткені адам біртүрлі ақпараттан жалығып кетуі мүмкін және де адам ағзасынан да жаман әсері болуы мүмкін. Мысалы, компьютерден де кітап оқысаңыз көзіңіз ауыруы мүмкін, сондықтан бәрінің шегі болуы керек. Гүлназ: Мен көбінесе қазақ әдеби кітаптарын оқимын және оқушыларға сол кітаптарды оқуға кеңес беремін. Өйткені біз өз әдебиетімізді, ұлы тұлғалардың мұраларын ұмытпауымыз керек. Мен үшін кітаптың орны ерекше.
    • Apr 19 2013: Оқушылар өз атынан жазса тіпті керемет болар еді?! Өз ойларын жүйелеп қорытуға ыңғайлы болар еді. Сонымен бірге нақты қандай кітап өздеріңізге қалай әсер еткендігі туралы мысал келтіре аласыздар ма?

Showing single comment thread. View the full conversation.